Ақтөбеде көрші облыстарға көлік қатынасы шектелді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде көрші облыстармен арадағы жол қатынасы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының полиция департаменті қазіргі уақытта үш шекаралас облыста (Атырау, БҚО және Қостанай) ауа райына байланысты жол қозғалысының қиындағанын ескертеді. Боран соғып, жел күшейіп тұр.

«Көрші облыстарға қатынайтын көлік құралдарының қозғалысын шектеу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Ақтөбенің кейбір аудандарында ауа райының қолайсыздығы байқалады. Ақтөбе облысының полиция департаменті жолдағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік құралдарының жүргізушілерінен шыдамдылық танытып, шұғыл қажеттілік болмаса елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар