Ақтөбеде көпбалалы отбасылар баспаналы болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде пәтер кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында салынған 60 пәтерлі жаңа үйдің кілтін тапсырды. Пәтер көпбалалы отбасыларға берілді. Бұл үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алынып, көпбалалы отбасы санаты бойынша баспана кезегінде тұрған жандарға берілді.

Аймақ басшысы
«Осы жылдың ерекшелігі көп болды. Әлемді жайлаған пандемия кезінде Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында облысымызда әлеуметтік салаға арналған жұмыс еш тоқтаған жоқ. Әлеуметтік нысандарды салу, қала және аудан орталықтарындағы көшелерді жөндеу, газ, су тарту, тұрғын үйге мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жоспарларымыз орындалып, көптеген жұмысымыз нәтижелі аяқталып келеді. Жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес. Дегенмен аймақ тұрғындарының сабырлылығы мен аянбай еңбектенуінің арқасында осындай жетістіктерге жетіп отырмыз. Біз алдағы уақытта да басталған жұмыстарды жалғастырып, өз тарапымыздан көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған жерлестерімізді қолдауды жүргізе беретін боламыз«, - деді облыс басшысы.
Атап өтейік, қазіргі таңда қалада 24 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр.


Соңғы жаңалықтар