Ақтөбеде көлік қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жаяу жүргіншіні көлік қағып, 54 жастағы адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Ақтөбе облысы Алға қаласында болды.

«ВАЗ 21122» маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Жангелдин көшесімен жүріп келе жатып, Шалқар қаласының 54 жастағы тұрғынын қағып кетті.

Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

«Тексеру кезінде жүргізушінің мас күйінде рульге отырғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, биыл 8 айда жүргізушілердің кінәсінен 357 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Жол апаты салдарынан 67 адам қаза тауып, 482 адам жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар