Ақтөбеде қоқыс полигоны өртенді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қоқыс полигонынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер мен полигон қызметкерлері бірігіп, сөндіру жұмысын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы қоқыс полигоны кеше сағат 15:00-ден бастап өртенді. Өрт сөндіруге 11 адам мен 9 техника жұмылдырылды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сонымен бірге тағы 9 жүк көлігі жіберілді. Бірі құм себуге, бірі қоқысты таптауға жұмылдырылды.

«Өрт бүгін сағат 6:30-да сөндірілді. Аумағы 1200 шаршы метрді құрайды. Дегенмен жел бағыты өзгеріп, қала ішін түтін басты. Қазіргі кезде өрт сөндірушілер мен полигон қызметкерлері құм себу, таптау жұмысын жүргізіп жатыр. Облыстық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті сақтауға және аса қажет болмаса далаға шықпауға шақырады»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар