Ақтөбеде қаза болған әскерилерге арналған мемориалдық ескерткіш тақта ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде қаза болған әскери қызметшілерге арналған мемориалдық ескерткіш тақтасы ашылды.

null

Ұлттық ұланнның құрылуының 25 жылдығына орайластырған шараға Ақтөбе облысы әкімі Б.Сапарбаев, қала әкімі И.Испанов, Мәжіліс төрағасының орынбасары В.Божко, Мәжіліс депутаты А.Тасболатов, Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері, ІІМ, ҰҰ ардагерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қайтыс болған әскерилердің отбасы мүшелері қатысты.

null  

Айта кетерлігі, былтыр 5 маусымда 17 қандықол қарақшыдан тұратын лаңкестік топ «МАН» автобусын күшпен иемденіп, 6655 әскери бөліміне шабуыл жасап, қару-жарақ пен оқ-дәрілер қоймасын басып алмақшы болғаны мәлім.

null  

Ішкі қарауылдың жеке құрамының шешімді әрекеттерінің нәтижесінде әскери бөлімге жасалған шабуылға тойтарыс берілді, өкініштісі, осы қақтығыс кезінде 3 әскери қайтыс болып, алтау әртүрлі деңгейдегі жарақат алды.

null  

Осы оқиға кезінде қаза тапқан екі әскери «Қазақстан Республикасының Құқықтық тәртіп әскеріне - 25 жыл» кеуде белгісімен марапатталды. Бұлар подполковник Даниэль Майлыбаев пен кіші сержант Берікжан Қалиев. Марапатты Даниэлдің ағасы Аян Ақарысұлы және Берікжанның анасы Гүлжан Төленқызы қабылдап алды.

null  

Еске сала кетсек, еліміз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қазақстан Қарулы Күштерінің ішінде алғаш болып Қазақстан Ішкі әскері құрылады. 1992 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. 1992 жылдың маусым айында «Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері туралы» Заң қабылданды. Әскерлер құрамына маңызды мемлекеттік нысандарды күзететін арнайы бөлімдер енді. 2014 жылғы сәуір айында Елбасы Жарлығымен ҚР ІІМ Ішкі әскерлері Ұлттық ұлан болып қайта құрылды.

null  

Зада ЗЕЙІН

Соңғы жаңалықтар