Ақтөбеде кәсіпкерлер саны өсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде шағын және орта бизнес субъектісінің саны 2,7 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде 60 мыңға жуық шағын және орта бизнес субьектісі бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға артық. Көбі өз қызметін жалғастырып жатыр. Алайда облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бірқатар шағын және орта бизнес субьектісі қазір өз қызметін тоқтатты. Олар: мейрамхана, ойын-сауық орталықтары ішіндегі балалардың ойын алаңы, караоке, бильярд, компьютер клубтар.

«Облыста шағын және орта бизнесті қолдау үшін бірқатар бағдарлама іске асырылды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 3,3 миллиард теңге бөлінді. Өткен жылы 2,4 миллиард теңге беріліп, игерілген еді. Қазіргі күні 492 жоба қолдау тапты. Сонымен бірге бағдарламаларға өзгертулер енгізілді. Пайыздық үстемақы 6 пайызды құрады. Субсидия мен кепілдендіру де назардан тыс қалмады. Өңір кәсіпкерлері үшін бұл үлкен көмек»,- деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.

Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында өткен жылы 83 жоба қолдау тапты. Бүгінде 110 жоба мақұлданды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 960 жоба іске асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар