Ақтөбеде карантин талабын бұзғандарға 34 млн теңге айыппұл салынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде мобильді топтармен қатар тұрғындар да шұғыл хабар беріп, карантин талабын бұзғандар жазаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 40-тан астам мониторинг топ бар. Олар қоғамдық тамақтану орны, қоғамдық көлік пен сауда орталықтарында карантин шектеуін сақтау талабын бақылайды.

«Мобильді топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес биыл 225 іс сотқа жіберілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 31 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен бірге, Үйлестіру орталықтарына түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс 28 тексеру жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 28 объектіге 3,5 млн теңге айыппұл салынды», - деді Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Айта кетейік, өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған балалар саны артты. Қазір 10 бала инфекциялық стационарда жатыр.


Соңғы жаңалықтар