Ақтөбеде карантин шектеуіне қатысты қаулы қайта өзгерді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде вакцина салдырмағандар немесе ПТР анықтамасын көрсетпегендер толыққанды жұмыс істей алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Ashyq» жобасына қатысушылардың жұмыс уақыты ұзарды.

Бұған дейін түнгі сағат 12-ге дейін жұмыс істейтін қызмет көрсету орындары 02:00-ге дейін ашық болады.

Тек сенбі, жексенбі күндері келушілер «жасыл» мәртебесін көрсетіп, қауіпсіздік үшін енгізілген жобаны қолдануы тиіс.

Ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығу өткізуге рұқсат берілді. Онда адам саны 30-дан аспайды.

Сондай-ақ толыққанды жаттығу өткізу үшін спортшылар мен жаттықтырушылар вакцина салдыруы тиіс.

Санитариялық-эпидемиялық талап сақталған кезде көшедегі азық-түлік саудасына рұқсат беріледі.

Ал қызмет көрсету орындарының жұмысшыларына денсаулығына қарсы көрсетілімі болмаған жағдайда вакцина салтыру немесе әр апта сайын ПТР анықтамасын көрсету міндеттелді.

Оның арасында екінші деңгейлі банктерден бастап, түрлі дүкен, сұлулық салоны мен мәдениет ошақтары, білім ұйымдары мен қоғамдық тамақтану орны бар.

COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу міндеттелді.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар