+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Ақтөбеде карантин шектеуі жеңілдеді

2021 жылғы 28 қыркүйек 12:56
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде карантин шектеуі жеңілдеді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе «сары» аймаққа өтіп, карантин шектеуі жеңілдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа қаулы: «Қызыл» аймақтағы нысандар демалыс күні жұмыс істейді Пандемиямен күрес штабы қызметкерлерге қатысты санитария талаптарын қолдады Ресейде коронавирустың өршуіне байланысты БҚО-да шекарада карантин күшейді

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы шығарды. Енді мешіт пен шіркеуге «Ashyq» жобасы енгізіліп, тек «жасыл» мәртебесі бар адамдардың кіруіне рұқсат етілді.

Сонымен бірге мұндағы адамдар саны сыйымдылықтың тек 20% құрауы тиіс. Спорттық жарыстар кезінде көрерменге рұқсат берілді. Жанкүйерлер де «Ashyq» қосымшасындағы қауіпсіз мәртебесін көрсетеді немесе ПТР анықтамасын ұсынады.

«Конференция, форум, ойын-сауық, сондай-ақ, отбасылық, салтанатты, естелік, садақа және басқа да іс-шараларды өткізуге рұқсат. «Ashyq» қосымшама арқылы адамдар «жасыл» мәртебесін көрсетеді немесе ПТР анықтамасымен өзімінің вирус жұқтырмағанын дәлелдейді. Онда да адам саны 50-ден аспауы тиіс. Көрмелерге бір уақытта 200 адамның кіруіне рұқсат. Ашық алаңда марафон өткізуге болады. Адам саны 500-ден аспауы тиіс», - деп түсіндірді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT