Ақтөбеде гараждағы өрт орнынан ер адамның денесі табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында гараж өртеніп, иесінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 22 қараша күні сағат 00:05-те болды. Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Асау-Барақ көшесіндегі жеке үйлердің бірінде гараждың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде 59 жастағы үй иесінің денесін тапты.

«Өрт жылытқыш құрылғыдан шыққан деген болжам бар. Сараптама тағайындалды. Құрметті азаматтар, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырамыз. Электр құрылғыларымен жұмыс істеген уақытта абай болыңыз», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар