Ақтөбеде ертеңнен бастап балабақшалар жұмысын бастайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында балабақшаның кезекші тобы мен бірнеше сауда орындары ертең жұмысын жандандырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин онлайн режимде соңғы тіркелген жағдайлар мен ертең жұмысын бастайтын кәсіпорындар туралы айтып берді.

«Азық-түлік, мал базарлары, құрылыс материлдарын, киім-кешек сататын базарлар сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Спорт нысандарында көрерменсіз, 30 адамға дейін оқу-жаттығу жұмыстары басталады. Сауда үйлері мен ірі сауда орындалықтары, дүкендерге де рұқсат беріледі. Балабақшалардың кезекші тобы 8:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік жәрмеңкесі 08:00-13:00 аралығында болады. Қоғамдық тамақтану, жазғы кафелер 10:00-22:00-ге дейін 50 адамға дейін қызмет көрсете алады. Бірақ туған күн, той, садақа, ас сияқты топтасып жиналатын шараларға тыйым салынады. Саябақтар мен скверлер жұмысын бастайды», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Еске салсақ, Ақтөбеде балабақшаны ашу туралы ұсыныс екі апта кейінге шегерілген болатын.



Соңғы жаңалықтар