Ақтөбеде еріктілер марапаттады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов волонтерлерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент бастығы Атығай Арыстанов белсенді азаматтық ұстанымы бар, қоғамдық тәртіпті бақылау және қамтамасыз ету ісіне көмек көрсетіп жүрген бірнеше еріктіге өз алғысын білдірді.

«Еріктілер із-түзсіз жоғалғандарды іздестіруге жәрдемдеседі. Бұл іздестіру аумағын кеңейтуге, жергілікті тұрғындардан сұрап, қиын жағдайға тап болғандарды дер кезінде құтқаруға мүмкіндік береді. Қиын кезде игі істер жасағандарыңыз үшін алғысымды айтамын», - деп атап өтті департамент бастығы.

Еске салсақ, облыстық полиция департаменті мен бірнеше компания, орта арнаулы, жоғары оқу орындары ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Олар қоғамдық тәртіпті бақылауда өз үлесін қосып жүр. Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының еріктілері рейдке шығады. Індет өршіген кезде Ақтөбе қаласының айналасындағы бақылау-өткізу пункттерінде кезекшілік ететін полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне азық-түлік жеткізуді де жүзеге асырды.


Соңғы жаңалықтар