Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқарат – Ақтөбе-Атырау тасжолында жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе-Атырау тасжолында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Темір ауданынан Байғанинге бет алған көліктің 57 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан LADA Granta автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Айтып өтейік, бұған дейін қалада жол-көлік оқиғасы болып, 2 айлық сәби шетінеп кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар