Ақтөбеде екі бала балконнан құлап кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында 4 жастағы екі бала балконнан құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы Есет батыр көшесінде балконнан 4 жасар қыз құлап кетті. Кешкілік анасы мен отбасының үлкен қызы қоқыс төгуге шығып, 2015 және 2017 жылы туған ұл мен қызын пәтерге қалдырып кеткен. Анасы үйге оралған кезде есік алдынан қызын көрді.

«Анасы жедел жәрдем шақырды. Үйге кіргеннен кейін, баланың легенге мініп, анасын балконнан қараймын деп құлап кеткенін түсінді. Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. «Мидың жеңіл дәрежедегі соққысы, кеуде қуысының жабық жарақаты, екі өкпенің соққысы, іштің жабық жарақаты, құйымшақ омыртқасының жабық сынуы» диагнозы қойылды. Сонымен қатар 17 - наурызда 4 жастағы бала балконнан құлап кетті. Бала анасымен Ясное ауылынан қала орталығындағы ағасына қонаққа барған. Анасы ас үйде кешкі ас дайындаған уақытта бала қонақ бөлмесінде жалғыз қалып, содан кейін балконнан өзі абайсызда құлап түсті. Ауыр соққы алған, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар