+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Ақтөбеде екі айлық сәби індетке шалдықты

2020 жылғы 22 мамыр 14:46
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде екі айлық сәби індетке шалдықты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде соңғы тәулікте 9 адам індетке шалдықты, оның біреуі екі айлық нәресте, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 21-56 жас аралығындағы әйелдерден және екі жастағы нәрестеден коронавирус инфекциясы анықталды.

«Олардың ішінде бесеуі бұған дейін коронавирус анықталған науқастармен жақын қарым-қатынаста болған, біреуі ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, екеуі профилактикалық мақсатта тексерілген, бір науқас өзі еркімен сынама тапсырған кезде анықталған. Қазіргі уақытта індетке шалдыққандар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланды. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтары дезинфекцияланды», - деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өңірде барлығы 242 адам індетке шалдықса, оның 164-і емделіп шықты.

фото:ainews.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT