Ақтөбеде екі адам суға батып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 24 және 37 жастағы екі ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құтқарушылар 24 жастағы қала тұрғынын екі сағаттан астам уақыт іздеп, Ақтөбе су қоймасынан денесін алып шықты. Жақын маңда болған адамдардың айтуынша, ақтөбелік шомылу барысында батып кеткен. Денесі жағадан 10 метр қашықтықтан, 8 метр тереңдіктен табылды.
«Сағат 18:42-де Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылындағы Ырғыз өзенінен 37 жастағы ер адамның денесі табылды. Құтқарушылар оны 4 метр тереңдіктен алып шықты», - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, суға шомылу маусымы басталған бері облыста 13 адам мерт болды.

Соңғы жаңалықтар