+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Ақтөбеде Димаш Құдайберген білім алған музыкалық колледж 50 жылдығын атап өтті

2021 жылғы 27 қыркүйек 03:15
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде Димаш Құдайберген білім алған музыкалық колледж 50 жылдығын атап өтті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжге биыл 50 жыл толды. Әнші Димаш Құдайберген бейнеқұттықтауын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбе музыка училищесі 1971 жылы ашылып, 1989 жылы Ахмет Жұбановтың есімі берілді. Содан бері 3 мыңнан астам түлек түлеп ұшқан. 50 жылдық мерейтойға орай мұнда «А.Жұбанов мұрасы – болашақ ұрпаққа» атты кітап шығарылды. Сонымен қатар колледж туралы деректі фильм түсірілді. Мерейтойға биология ғылымдарының докторы, академик Ажар Жұбанова мен әулеттің келіні Эльмира Жұбанова, сонымен бірге колледж түлектері, оқытушылары қатысты. Ал Димаш Құдайберген өзі білім алған колледжге бейнеқұттықтауын жіберді.

«Ең алдымен мол бақыт, қажымас қайрат тілегім келеді. Өнердің биік шыңын бағындыра беріңіздер. Біздің сара жолымызды бастап берген ұстаздарымыз аман болсын! «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп айтады. Осы сәтті пайдалана отырып, маған әлі күнге дейін кеңес беріп, бағып-қағып келе жатқан, жасым 30-ға келіп қалса да үйретуден танбаған ұстазым Марат Олжабайұлына сәлем жолдағым келеді. Біздің директорымыз Аманжол Дүйсенұлына да сәлем жолдаймын. Дина Ниязов менің ең алғашқы ұстазым. Сіздерді қатты сағындым. Шын жүректен сәлем жолдаймын. Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжі дами берсін. Алдағы уақытта біздің ұрпағымыз, біздің ұрпағымыздың ұрпағы колледждің 100, 200, 300, 500 жылдығын тойлайтындай құрметке жетсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Алға қойған мақсатқа анық басып жете беріңіздер», - деді Димаш Құдайберген өз бейнеқұттықтауында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT