Ақтөбеде дәріханалардың алдында ұзын-сонар кезек пайда болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеліктер қызуды түсіретін, жедел респираторлық вирустық инфекцияға қарсы дәріні жаппай сатып алып жатыр. Облыстың бас санитар дәрігері дәрі-дәрмек тапшылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойында 671 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан болса, тағы 389 симптомсыз жағдай тіркелді. Өсім - 7,3 пайыз. 357 науқас жазылып шықты.

Үй карантинінде 2343 адам жатыр. Бәрі медициналық бақылау алынған. Қазір көпшілік дәрі-дәрмекті жаппай сатып алуға көшкен. Қарапайым қызу түсіретін дәрілер дәріханада тапшы.

«Ақтөбе облысында 600-ден астам дәріхана, 15 қойма бар. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бақылау жүргізіп отыр. Антибиотик пен қызу түсіретін дәрі-дәрмектің дәріханада азайғаны байқалады, бірақ қоймада жеткілікті. Тұрғындардың қорқып, жаппай сатып алып жатқаны рас. Айтарымыз - адамдар өз бетімен емделмеуі керек. Ентігіп, қызуы көтеріліп, қатты жөтелсе дәрігер шақырған жөн», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.


Айта кетейік, өңірде өткен түнде өкпенің қабынуы дертінен 4 адам көз жұмды. Оның нақты диагнозы айдың соңында анықталады.

Қазір 10 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар