Ақтөбеде дәмханалар жұмысын бастайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде балаларға қосымша білім беру орталықтары мен дәмханалардың жұмысына рұқсат берілді. Тек арақашықтық пен тазалық сақталуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында балабақшалар жұмысына тыйым салынғанымен балаларға арналған түзету кабинеттері, үйірмелер, қосымша білім беру орталықтары 18 мамырда жұмысын бастайды. Мәдениет қызметкерлері де жұмысқа қосыла алады. Туристік базалар, демалыс үйлері, дәмханалар тізімге енді.

«Қоғамдық тамақтану орындарына келушілер саны 30-дан аспауы тиіс. Жұмысты уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін. Сұлулық салондарына да рұқсат берілді. Ал аудандарда балабақшалардың кезекші тобы жұмысын бастайды. Сонымен бірге сауда орындарының, спорт кешендерінің жұмысына рұқсат берілді. Дәмханалар да санитарлық талапты қатаң сақтап жұмысын басайды», - деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар