Ақтөбеде – боран: жолдар жабық

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында боранға байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде Солтүстік айналма жол, Самара - Шымкент трассасының Бекқұл баба ауылы мен Қарабұтақ ауылы аралығы, Ақтөбе - Орск бағыты жабылды. Ауа райы құбылмалы, боран, көктайғақ. Жүк және жеңіл көліктердің жүруіне шектеу қойылды.
«Қарабұтақ - Комсомол - Қостанай бағыты, Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз тасжолы жабылды. Қатты жел соғып, боран болып тұр. Сонымен қатар Дөң - Бадамша, Ақтөбе - Болгарка - Шұбарқұдық, Покровка - Темір - Кеңқияқ - Ембі, Ақтөбе - Родниковка - Мәртөк бағытына шектеу қойылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.




Соңғы жаңалықтар