Ақтөбеде бірыңғай «iPhone» ұрлаумен айналысқан күдікті ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік тек «iPhone» маркалы ұялы телефонын сатып аламын деп пәтерге шақырып, кейін қашып кетіп отырған. Күдікті ұсталып, қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті медициналық маска киіп, бет-әлпетін жасырған. Полиция іздеу шарасы кезінде 34 жастағы қала тұрғынын ұстады.

«Ол төтенше жағдай режимін пайдаланып, Әлия Молдағұлова даңғылындағы пәтерді бір тәулікке жалға алған. Содан кейін «іPhone» маркалы ұялы телефонын сатуға шығарған адамдармен байланысып, пәтерге шақырды. Оны ас үйге кіргізіп, «телефонды әйеліне көрсетемін» деген сылтаумен пәтерден шығып, қашып кеткен. Шығын 705 мың теңгені құрады. Тағы бірде 21 жастағы ақтөбелікті алдады. Алаяқ медициналық маскамен жасырынып, «Батыс-2» шағын ауданында пәтер жалдаған. Дәл осы жолмен телефонды алып қашты. Шығын - 365 мың теңге. Қазіргі күні күдіктіге қатысты 6 арыз келіп түсті. Ол бұрын бірнеше рет сотталған, тергеу изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша ҚК 190-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті осы алаяқтың қолынан зардап шеккен ақтөбеліктердің 87053807750, 102 телефондарына хабарласуын немесе №1 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне өтініш білдіруді сұрайды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар