Ақтөбеде бір жасар бала коронавирус жұқтырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде маусым айында 47 адам өкпе қабынуы дертінен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір тәулікте Ақтөбе облысында 28 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Індетке шалдыққандардың арасында Темір, Әйтеке би, Ырғыз аудандарының тұрғындары бар. 1 жасар бала да індетке шалдығып, ауруханаға түсті. Басым бөлігі жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерімен медциналық көмекке жүгінген. Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық ауруханаға оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдауда. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Сонымен бірге өңірде қазір 2 мыңнан астам адам үй карантинінде. Өкінішке қарай демалыс күндері 3 адам көз жұмды.

«Өңірде 47 адам өкпе қабынуы дертінен көз жұмған. Қазір провизорлық стационарда 1 мыңға жуық адам ем қабылдап жатыр. Олардың 27-і жансақтау бөлімінде. Науқастардың 10-ы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Облыста 800-ден астам адам күндізгі стационарда ем қабылдап жатыр», - деді облыс әкімінің денсаулық сақтау саласы жөніндегі кеңесшісі Әсет Қалиев.


Соңғы жаңалықтар