Ақтөбеде бір отар қой ұрлап, сойып алған топ ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Қобда ауданында 113 қойды айдап әкетіп, оның 23-ін сойып алған топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандағы Сарыбұлақ ауылы тұрғынының қорасынан 113 бас қойдың ұрланғаны анықталып, жедел тергеу тобы ізіне түсті.

«Қойды аудан орталығына айдап кеткені белгілі болды. Іздестіру шарасы кезінде Қобда ауылының шетінде орналасқан үйлердің бірінде 5 қасапшының жүргені анықталды. Олар қойды бауыздап, 23-ін сойып үлгерген. Алдын ала болжам бойынша, күдіктілер қой иесінің үйінде жоқ екенін пайдаланып, 40 шақырым жердегі аудан орталығына әкелген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша тергеу басталды. Күдіктілер Қобда мен Сарыбұлақ ауылының тұрғындары болып шықты. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар