Ақтөбеде бір күнде жылдамдықты асырған 100 жүргізуші анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы «Қауіпсіз жол» акциясы кезінде жылдамдықты асырған 100 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жылдамдықты асырған 100 жүргізуші әкімшілік жауапқа тыртылса, мас күйінде рульге отырған 9 жүргізуші жазаланды.

«Бір күнде 500-ден астам жол қозғалысы ережесі бұзылды. Қарсы бағытқа шығып кеткен 5 көлік иесі мен жаяу жүргіншіге жол бермеген 29 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ 86 жүргінші жол ережесін сақтамағаны үшін айыппұл төледі. Бағдаршамды ескермегендер де болды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Жедел алдын алу іс-шарасы аясында мотоцикл жүргізушілері, соның ішінде квадроцикл, мопедпен жүру кезінде ережені сақтауға ерекше назар аударылды.


Соңғы жаңалықтар