Ақтөбеде бейімдеу орталығынан кетіп қалған екі қыз жалдамалы пәтерден табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бейімдеу орталығынан кетіп қалған 15 және 17 жастағы екі қыз жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қалалық полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне кәмелетке толмаған екі қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Олар «Аяла» бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері. Орталық директоры полиция қызметкерлеріне 12-мамыр күні бейімдеу орталығының аумағынан 15 және 17 жастағы қыздардың кетіп қалғанын хабарлады.

«Полиция қызметкерлері дереу қыздарды іздеуге кірісті және олар баруы мүмкін барлық жерді тексерді. Жүргізілген іздестіру іс-шарасының нәтижесінде полицейлер қыздардың қайда екенін анықтады. Олар екі тәулік бойы Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесіндегі жалдамалы пәтерде болған. Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, орталықтың тәрбиешілеріне тапсырды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар