Ақтөбеде базарлардың жұмыс кестесі өзгерді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде базарлар бұрынғы жұмыс уақытына көшіп, дезинфекция үшін аптаның екі күнінде жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 5 күн бұрын шыққан қаулыға қайта өзгерту енгізілді. Бұған дейін ірі базарлар 9:00-13:00 және 10:00-16:00 аралығында жұмыс істесе, енді екі күнге жабылады.

«Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік, мал, автомобиль, киім-кешек, құрылыс базарларының жұмыс режимі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін болады. Аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері санитарлық күнге жабылады. Азық-түлік сатпайтын дүкендердің, сауда орталықтарының, үйлердің, тұрмыстық техника, құрылыс дүкендерінің ауданына қарамастан жұмыс режимі сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін ұзартылды. Әр аптаның дүйсенбісі - санитарлық күн. Сауда-ойын-сауық орталықтары санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып 10:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Мұнда әр аптаның сәрсенбісі - санитарлық күн», - деп жазылған облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Н.Беркімбаева шығарған қаулыда.

Сонымен бірге букмекерлік кеңсе, бильярд, боулинг-орталықтарына сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берді. Діни ғимараттарда тек жеке тәртіппен, кемінде 1,5 м арақашықтықты сақтай отырып, дұға жасау мүмкіндік бар.

Көшелерді жаппай дезинфекциялау, әрбір рейс алдында қоғамдық көлікті, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне екі реттен кем емес), көп пәтерлі тұрғын үйлердің кіреберісін, балалар және спорт алаңдарын, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды дезинфекциялау міндеттелді.

Пошта онлайн форматта қызмет көрсете алмайды. Сондықтан 09:00 мен 18:00 аралығында жұмыс істейді.



Соңғы жаңалықтар