+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Ақтөбеде балықты заңсыз аулаған қала тұрғыны ұсталды

2021 жылғы 21 сәуір 04:50
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде балықты заңсыз аулаған қала тұрғыны ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Торғай өзенінде балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Еліміз бойынша қазір «Киік» алдын алу шарасы өтіп жатыр. Ырғыз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд кезінде облыс орталығының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Одан 5 балық ауы, резеңке қайық және 56 дана сазан табылып, тәркіленді.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Балық ресурстарын заңсыз өндіру» бабымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT