Ақтөбеде балабақшалар жұмысы уақытша тоқтайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде мектепке дейінгі мекемелер жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның жаңа қаулысы шықты. Онда балабақшалар жұмысын тоқтатуға шешім шығарылған.

«Ақтөбе қаласының және аудандардағы балабақшалар, бірге білім беру орталықтары, үйірмелер, қосымша білім беру мекемелерінің жұмысы 25 маусымнан бастап уақытша тоқтатылсын», - деп жазылған қаулыда.

Айта кетейік, Ақтөбеде соңғы тәулікте тағы 25 адам ауырып, инфекциялық госпитальға жатқызылды. Біреуі Мәртөк, жетеуі Хромтау ауданынан болса, өзгесі Ақтөбе қаласының тұрғыны. Арасында 4 жасар бала бар.

Облыста барлығы 653 адам тіркелсе, оның тең жартысынан астамы емделіп шықты. Ал ешқандай клиникалық белгісі байқалмайтындар қатары 345-ке жетті.

Бір тәулікте облыста 38 тасымалдаушы тіркелді.


Соңғы жаңалықтар