Ақтөбеде балабақшадан өрт шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде балабақша ішінде электр тогының қысқа тұйықталуы болып, өртене бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 9:15-те Ақтөбе қаласы, Тұрғындар қалашығы ауданындағы «Әсел» балабақшасынан өрт шықты. 102 нөміріне хабар түскен бойда оқиға орнына полиция жедел жеткен. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғимарат ішінен түтін шыққанын көрген құқық қорғаушылар дереу құтқару жұмыстарына кірісіп, 90 баланы эвакуациялады. Олардың барлығын автобусқа отырғызды.

«Электр тогының қысқа тұйықталуынан жан-жағы жана бастаған, бірақ жалын кең тарап кетпеді. Барлығы 130 адам эвакуацияланды. Басым бөлігі - бүлдіршіндер. Өрт сөндіру қызметінен 20-ға жуық техника мен 60 адам жұмылдырылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар