Ақтөбеде баға тұрақтылығы үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде азық-түлік бағасын бақылап, маңызды тауарлардың құнын тұрақтандыру үшін апта сайын жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түнде облыс орталығындағы супермаркет пен гипермаркетті аралап шыққан едік. Ешқандай қарбаласты көрмедік. Әлеуметтік маңызы бар 32 азық-түліктің 23-і облыста өндіріледі. Тұрақтандыру қорында 1 мың тоннадан астам картоп, 60 тонна пияз, 147 тонна сәбіз, 226 тонна қант бар. Оған ірі сауда орындарының қорын да қосуға болады. Ұн және ұн өнімдері де шығарылады, бәрі жергілікті», - деді облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин.

Айта кетейік, 14 наурыздан бастап облыс орталығы мен аудандарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Баға базардан 15-20 пайызға арзан болады.


Соңғы жаңалықтар