Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 11:20 шамасында болды. «Mercedes Benz» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі мейрамхана тұрағынан шығып, жолдағы қауіпсіздік ережесін ескермеді.

Рөлде отырған әйел жан-жағына қарамастан бұрылған. Салдарынан «ПАЗ 320402» маркалы автобуспен соқтығысты.

«Жол апаты кезінде «Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі мен автобустың 7 жолаушысы дене жарақатымен Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жүгінді. Сондай-ақ автобустың бір жолаушысы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оның айтуынша, апаттың негізгі себебі - жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережесін саналы түрде ескермеуі.



Соңғы жаңалықтар