+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 16 млрд теңге бөлінді

2020 жылғы 14 мамыр 22:34
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 16 млрд теңге бөлінді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде облысында ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 16 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Тең жартысы жергілікті бюджет есебінен қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір жер жырту, егін салу жұмысы жүріп жатыр. Биыл 787 мың гектар жерді игеру жоспарланса, далалықтағы жұмыстың 36 пайызы аяқталды. Дизель отынының литрі наурызда 163, сәуір айында 158 теңге болды.

«Биыл «Кең дала» бағдарламасы бойынша 1,2 миллиард теңге қарастырылды. Субсидияға 16 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оның тең жартысы облыстық бюджеттен беріліп отыр. Электронды түрде беріліп жатыр. Нәтижесінде мал басы артты. Биыл тағы 13 мың бас ірі қара, 20 мың бас қой сатып алынады. Сонымен бірге 4 мың тонна ет эспортталады», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Айта кетейік, Ақтөбеде ауыл шаруашылығына бағытындағы 30 млн га жер бар. Оның 25 млн га жайылым, 1,2 млн га егістік.

«Жайылымның тек 35 пайызын пайдаланып отырмыз. Яғни, мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар. Жер алып, қожалық ашуға, бар шаруашылықты кеңейтуге болады. Өңірде биыл 457 мың га жер жалға беріліп, 247 мың га жер қайтарылып, қайта айналымға енгізілді», - деді Құсайын Сәрсембай.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT