Ақтөбеде арнайы экономикалық аймақ салынады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» индустриалды аймағы маңында арнайы экономикалық аймақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша өткен жылы 500 миллиард теңге инвестиция тартылды. Биыл бұл жұмыс жалғасады. Мәселен, құны 33 миллиард теңге болатын жел электр станциясының құрылысы басталып, биыл іске қосылады. Сонымен қатар, қыш тақтайшаларын шығаратын зауыттың құрылыс жұмысына 9 миллиард теңге жұмсалды. Мұнда 180 жаңа жұмыс орны ашылады. Өткен жылы іске қосылған «Gas processing Company» ЖШС-нің газ өңдеу кешені маңызды жоба болды. Жобаға 42 млрд теңге инвестиция тартылды. Өңір басшысы есеп беру кездесуінде тағы бір ірі жобаның қолға алынғанын жеткізді.

«Арнайы экономикалық аймақ кәсіпкерлер үшін 5 түрлі жеңілдік береді. Оның ішінде салық жеңілдігі де бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбеге сапары кезінде ұсыныс болып, қолдау білдірді. Үкіметке тапсырма беріліп, жұмыс басталды. Аумағы 600 гектар болатын арнайы экономикалық аймақ 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар - мұнай және химия, металлургия, құрылыс және машина құрастыру. Үкіметпен бірге жыл соңына дейін арнайы экономикалық аймақты ашып, іске қосамыз», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар