Ақтөбеде адвокат қорғаушысының туыстарын алдап, олардың берген ақшасын жымқырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты алаяқтыққа қатысты күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстық адвокаттар алқасының адвокатына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Адвокат қылмыстық іс бойынша күдіктілердің қорғаушысы бола отырып, күдіктілердің туыстарын алдап, сенімін теріс пайдаланған. Іс бойынша мәселені оң шешу сылтауымен олардың жалпы сомасы 3 млн теңге қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров агенттікте онлайн режімде өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, оған қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Аян Бекенұлы


Соңғы жаңалықтар