Ақтөбеде адамдар орталық стадион мен арбатта маскасыз серуендеп жүр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қоғамдық орындарда жұрт маска тағуға мән бермей отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қоғамдық бақылау мобильді тобына сілтемемен.

«Ақтөбеде Қоғамдық бақылау мобильді тобы 25 қазан күні кешкі 7-лер шамасында рейдке шықты. Күн райы серуендеуге қолайсыз болса да, орталық стадион мен арбатта адам легі азаймай тұр. Санитарлық талаптардың басты қағидасы – маска тағуды адамдар тоқтатқан. Жастардан маска тағуларын өтінгенде ғана, қалталарынан алып шығады» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар