Ақтөбеде 9-сынып оқушысы суға батып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 2 адам суға батып кетті, оның біреуі оқушы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күн жылынғаннан бері өңірде 6 адам суға батып кеткен. Олар тыйым салынған аумақта шомылған.

«Суға батып кеткен екі адамның біреуі — 9-класс оқушысы. Өзгесі мас күйінде шолымғаны анықталды. Су айдындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін төтенше жағдайлар қызметі, полиция мен Ақтөбе заң институтынан жалпы саны 340-тан астам қызметкер, балалар мен жасөспірімдер инспекторы және волонтерлер күзетті күшейтті. Патрульдеу күнделікті жүргізіледі. Тыйым салынған жерлерде шомылып, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішкені үшін 50 адам әкімшілік жауапқа тартылды»,— деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап суға шомылу маусымы ресми түрде басталды. Өңірде 51 жағажай ашу жоспарланды. Оның 11-і коммерциялық, өзгесі коммуналдық. ТЖД сүңгуірлері су айдындарының түбін тексеру және тазарту жұмыстарын жүргізді.


Соңғы жаңалықтар