Ақтөбеде 800-ден астам адам инфекциялық ауруханада жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде инфекциялық стационарлардың 53% толды. Қазір 800-ден астам адам емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша инфекциялық, теміржол ауруханалары, Ақтөбе медицина орталығы, облыстық фтизиопульмонологиялық орталық пен облыстық наркологиялық диспансерде коронавирус инфекциясына шалдыққандар емделіп жатыр. Барлығы 824 адам дәрігер бақылауында болса, оның 67-сі жансақтау бөліміне түскен.

«Қазір 8 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы жатыр. Сонымен бірге 35 адам инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Жалпы адамдар тұмау белгілері анықталса, үйде емделеді. Сөйтіп асқындырып, дәрігер көмегіне жүгінеді. Мәселен облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта 40 жастағы әйел көз жұмды. Ол бірнеше күн бойы өзі емделген. Хаттамаға сәйкес дәрі-дәрмек қабылдағанымен, өмірін сақтау қалу мүмкін болмады. Жалпы шілде айында 33 адам көз жұмды. Нақтыласақ, бір аптада 19-ы қаза тапты», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров.

Айтып өтейік, бір тәулікте Ақтөбеде тағы 230 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, үй карантиніндегі адам саны 6 мыңға жуықтады. Облыстың бас санитар дәрігері карантин шектеуін күшейтіп, бірқатар қызмет көрсету орнының сенбі-жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салды.


Соңғы жаңалықтар