Ақтөбеде «5-10-20» бағдарламасы бойынша алғашқы адам баспана алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Шаңырақ» бағдарламасы аясында алғашқы клиент өз пәтерінің кілтін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Жанар Жексенбаева 11 жыл бұрын бюджеттік сала қызметкері ретінде пәтер кезегіне тұрған. Мамандығы – дәрігер. Қазіргі күні бала күтімі бойынша демалыста отыр.

«Zhilstroy_aktobe инста парақшасына тіркеліп, жаңалықтарын үнемі қарап отырамын. Күнде тікелей эфирде онлайн кеңес береді. Қосып, тыңдап жүремін. Бірде «5-10-20 бағдарламасы басталды« дегенді құлағым шалып, эфирде сұрақ қойдым. Өтінім беру жолын сол сәтте көрсетті. Эфирден соң сайт арқылы өтінім бердім. СМС хабарлама келді. Келесі күні әлеуметтік желідегі парақша арқылы келесі сатысын сұрадым. Банк маманы тағы толық ақпарат беріп, 3 күнде қайта хабарласатынын айтты. Сөйтіп банкке тек жеке куәлігіммен барып, 10 минут ішінде мақұлдама алдым. Тізім бойынша пәтерлерді қарадым. Таңдап, кілтін алып, қуанып отырған жайымыз бар», - дейді Жанар Жексенбаева.

Еске сала кетсек, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 2010 жылға дейін пәтер кезегіне тұрған азаматтардан өтінім қабылдау 17-тамызда басталды.

Ақтөбе өңірі бойынша 500-ге жуық үміткер hcsbk.kz сайты арқылы өтінім берді. 43 адам құжат тапсырып, 38 адам мақұлдама алды.


Соңғы жаңалықтар