+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Ақтөбеде 300-ден астам медқызметкер вакцинаның екінші дозасын қабылдады

2021 жылғы 26 ақпан 18:51
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде 300-ден астам медқызметкер вакцинаның екінші дозасын қабылдады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша барлығы 1 мың медицина қызметкері екпе қабылдап, олардың 300-ден астамы екінші дозасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің 524 маманы вакцина салдырды Ақтөбеде суда жүзуден ел біріншілігі өтіп жатыр Фармацевтикалық өндіріс Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қашан өтеді

Өткен тәулікте өңірде 19 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Вирус жұқтырғандардың 14-і дерттің симптомды түріне шалдыққан.

«Қазіргі кезде 159 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 52-і инфекциялық стационарлардағы ақ халаттылардың бақылауында. Жансақтау бөліміндегі бес науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сонымен бірге өткен тәулікте 3 адам пневмония диагнозымен аурухаға түсті. Барлығы 48 науқас ем алып жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Карантиндік стационарда 23 адам бар. Шекарадағы карантиндік станцияларда 8 адам жатыр.

«Облыста 300-ден астам медицина қызметкері вакцинаның екінші дозасын қабылдады. Бәрінің жағдайы жақсы. Денсаулығына шағым айтқан ешкім болмады», - деді Бекболат Ізбасаров.

Айта кетейік, қазіргі кезде 800-ге жуық адам үй карантинінде жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT