+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Ақтөбеде 25 жастағы келіншек 500 мың теңгеге наубайхана ашты

2020 жылғы 9 ақпан 14:28
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде 25 жастағы келіншек 500 мың теңгеге наубайхана ашты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Мұғалжар ауданы Қаракөл ауылында 25 жастағы екі балалы келіншек мемлекет ұсынған 500 мың теңге грантқа шағын наубайхана ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік кәсіпкер тағы бір челлендж бастады Ақтоты Райымқұлова туристік салаға қандай көмек көрсетілетінін айтып берді Салыққа жеңілдіктер 700 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісін қамтиды

Мерей Қалышева әу баста кәсіпкерлер палатасында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша бір айлық курс оқыды. Оқып жүргенде-ақ 600-ге жуық халық тұратын өз ауылынан наубайхана ашуды мықтап ойға алды.

Оқуды аяқтап, жобасын қорғаған соң оған 505 мың теңге көлемінде грант берілді. Ол қаражатқа келіншек 30 қалып сиятын пеш, қамыр илеуші құрал және нан пісіретін қалып сатып алды. Үйінің ауласындағы жазғы асхананы наубайхана етіп жабдықтады.

Наубайханада нан күн сайын пісіріледі. Бір бөлкенің бағасы – 100 теңге. Жұма сайын кәсіпкер нанды 10 теңгеге арзандатып сатады. Арасында торт, кекс, бәліш пісіруге тапсырыс қабылдайды.

Мерей бірнеше мұқтаж отбасыны өз қамқорлығына алған. Оларға тегін нан беріп тұрады.

«10-15 жыл бұрын жергілікті наубайхана жабылып қалды. Ал басқа жақтан әкелінетін нан бәріне бірдей жете бермейді. Үйде өзің пісірген қолдың нанына не жетсін. Мен өзім қамырдан әртүрлі тағамдар әзірлегенді жақсы көремін, тіпті аспаздық курсын аяқтадым. Наубайхана ашқанға дейін тапсырыспен әрдеңе пісіріп жүрдім. «Жас кәсіпкер» жобасы арманымды орындауға көмектесті. Екі баланы жалғыз өзім асырап отырмын, сондықтан өз бетімше кәсіп ашуға жүрексінетін едім. Бірақ осы жоба арқылы білім алып қана қоймай, жобамды қорғап, мемлекеттік грантты жеңіп алдым», - дейді Мерей Қалышева.

Шағын бизнестің ашылғанына үш ай ғана өткен. Бірақ ол клиенттерінің көңілінен шығып үлгерді. Болашақта Мерей наубайхананы кеңейтіп, бірнеше жұмыс орнын ашқысы келеді.

Мұғалжар ауданындағы кәсіпкерлер палатасы филиалының мәліметінше, бүгінде ауданда 3,5 мың кәсіпкерлік нысан бар, оның 3202-сі жұмыс істеп тұр.

«2019 жылы 470 аудан тұрғыны «Бастау» бағдарламасымен білім алып, оның 195-і бизнес-жобасын қорғады. 90 адам мемлекетітк грантқа ие болды. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 118 адам біліп алып, оның 79-ы жобасын қорғады. 54 жас грант алып, кәсібін бастады», - дейді филиал директоры Бернияз Ділімов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT