Ақтөбеде 22 келі есірткімен қырғызстандық ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде полиция қызметкерлері ірі көлемде есірткі тасымалдаған шетелдікті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Мигрант» жедел-іздестіру шарасын өткізді. «Самара-Шымкент» тас жолының 972 шақырымында көлік құралын санкциясыз тінтіп, Бішкек қаласында тұратын Қырғызстанның 44 жастағы азаматы айдап келе жатқан жүк көлігінен жалпы салмағы 22 келіден асатын «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

«Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігінің санкциясына сәйкес (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) тергеуді бастады. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдауға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар