Ақтөбе тұрғыны Оралға жеткізілуі тиіс үш тонна алманы сатып жіберген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбелік полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 20 жастағы ақтөбелікті ұстады, деп хабарлайды «Диапазон» облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбелік хабарлама сайтында Қазақстан бойынша тауар тасымалдаумен айналысатындығын жариялаған. Көп кешікпей 36 жастағы сарыағаштық клиент табылып, ол жігітке Түркістаннан Оралға 3 тонна алманы жеткізу ұажеттігін айтады.

Ақтөбелік жүкті алып кетіп, оны Ақтөбе қаласында сатып жіберген. Жемістің сатылымынан 765 мың теңге пайда көреді.
Алманың алданған иесі полицияға шағымданады. Көп ұзамай қаскүнем табылып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады, қазір оның үстінен «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалуда.

Соңғы жаңалықтар