+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Ақтөбе тұрғыны бір отбасыны өрттен аман алып қалды

2020 жылғы 23 мамыр 16:10
Бөлісіңіз:
Ақтөбе тұрғыны бір отбасыны өрттен аман алып қалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Темір ауданының орталығында үй өртеніп, көршісі 7 адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін таңғы сағат 4:30 шамасында болды. Сол кезде далаға шыққан Мерей Сүйенішұлы көршісінің үйінен түтін шыққанын көрген. Кейін үйдің бір бөлмесінің терезесін сындырып, үйдегілерді далаға шығарды.

«Үйдегі төрт ересек және үш баланы аман-есен алып шықтық. Ауласы жабық екен. Секіріп, терезесін сындыруға тура келді. Өрт сөндірушілер де келді. Бұл кім болса да атқарар іс деп білемін, бұл - біздің борышымыз», - дейді Медет Сүйенішұлы.


Айта кетейік, Рамазан айының соңғы күні ауыл түгел жұмылып, үйде тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар құралыс жұмысына көмектесуге кірісті.

«Көршілерімнің арқасында аман қалдым. Барлығына рақмет айтамын. Қазіргі күннің батыры ол. Өрт сөндірушілер де тез жетті», - дейді кейуана Гүлсім Өтебаева.

Айта кетейік, аудан әкімі Жолдас Батырхан үйі өртеніп кеткен отбасына барып, қолдау көрсетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT