+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Ақтөбе тұрғыны банк өкілімін деп хабарласқан адамға сеніп, 1,2 млн теңгесінен айырылды

2021 жылғы 20 қаңтар 12:59
Бөлісіңіз:
Ақтөбе тұрғыны банк өкілімін деп хабарласқан адамға сеніп, 1,2 млн теңгесінен айырылды

АҚТӨБЕ.ҚазАқпарат - Ақтөбе тұрғыны өзін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырған алаяққа сеніп, 1,2 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 236 келі марал мүйізін ұрлаған ер адам Алматыда ұсталды Семей тұрғыны алаяққа алданып 3 млн-ға жуық ақшасынан айырылды «Қазпошта» АҚ БҚО филиалында заңға қайшы әрекеттер жасалғанын растады

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, облыс аумағында алаяқтар көбейді. Олар өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, ақшаны ұрлауға тырысады. Көп жағдайда жүйе қарапайым – олар sms кодтарын және шоттар мен карталар туралы басқа құпия ақпаратты алуға тырысады.

Алаяқтықтың осындай түріне 53 жастағы қала тұрғыны тап болды. Белгісіз мобильді нөмірден банктің «қауіпсіздік қызметінің» қызметкері ретінде бейтаныс адам қоңырау шалған. Қаскүнем, алаяқтар оның шотын бұзуға тырысып жатыр деп сендіріп, олар мұны істей алмауы үшін оған SMS-хабарлама арқылы келген кодты айтуды ұсынды. Кодты алған алаяқ 2 несие рәсімдеген. Жалпы шығын 1 миллион 250 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Осындай жайсыз жағдайлардың алдын алу үшін, ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттар мен карталарға қатысты SMS-код және басқа дербес ақпаратты айтуға болмайды. Аздап болса да күмән туындаған жағдайда, ешқандай әрекет жасамау керек және операцияны растаудың қажеті жоқ»-деді айтты ПД бастығы Атығай Арыстанов.

«Есіңізде болсын, банктер мен төлем жүйелері ешқашан хаттарды жібермейді немесе клиенттердің телефондарына хабарласып, шот деректерін беруін сұрамайды. Ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті ақпарат банктерде бар»,-делінген полиция ақпаратында.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT