Ақтөбе полициясы далада шашылған сәбізге қатысты түсінік берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласының іргесіндегі ауыл маңында сәбіз төгіліп, тұрғындар оны теруге барды. Әлеуметтік желі арқылы естіп-білген тұрғындарға полиция түсінік жұмысын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желі арқылы ақтөбеліктер бір-біріне хабарлап , ауыл маңында төгілген сәбізді жинауға көп адам жиналған.

Кейін дәл сол сәбіз толы аумақта тракторлар көму жұмысын жүргізген.

«Полицияның бұл оқиғаға еш қатысы жоқ. «Пригородный» серіктестігі өз территориясына көктеп кеткен сәбізді төгіп тастаған. Бұл - жоюға арналған көкөніс. Теріп алуға барған адамдар мал азығына жиналған шөп маңында темекі шеге бастағанда қауіптеніп, полициядан көмек сұрады. Ал полиция түсіндіру жұмысын жүргізді», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Соңғы жаңалықтар