«Ақтөбе – Орск» трассасында 1 адам қаза болып, 3-еуі зардап шекті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ақтөбе – Орск» тасжолының Қосестек ауылы маңында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты «Ақтөбе - Орск» республикалық маңызы бар тасжолда болды. «Тойота-Превия» автокөлігі мен «Лада-Ларгус» соқтығысқан.

Зардап шеккен жүргізушілердің бірі, сондай-ақ 42 және 57 жастағы екі жолаушы әйел Қарғалы ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Ал 54 жастағы жолаушы сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу басталды.

«Боранды күні сақ болған жөн. Қарсы бағытқа шығып, алдыңғы көлікті басып озу да аса қауіпті. Сонымен бірге арақашықтықты сақтауға, төтенше жағдайлар қызметінің ескертулеріне құлақ асуға кеңес береміз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар