Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы, Темір ауданының әкімі болып Саламат Аманбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңдасын Оразалиннің өкімімен Темір ауданы әкімі болып Саламат Аманбаев тағайындалды. Ол Алматы халық шаруашылығы институтының, Мәскеу мемлекеттік заң академиясының түлегі. Еңбек жолын Мұғалжар аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер бойынша аға экономисті қазметінен бастаған. Әр жылдары Ақтөбе облысының салық органдарында жұмыс істеп, Ақтөбе облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитетінің төрағасы болды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментін басқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы болды.

Айта кетейік, бұған дейін өңірде Мәртөк ауданының әкімі болып Алмас Салықбаев және облыс әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжаханұлы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар