Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Мәртөк ауданының әкімі болып Алмас Салықбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алмас Салықбаев - Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетінің түлегі.

Ол еңбек жолын 2007 жылы «БанкЦентрКредит» АҚ Алматы қалалық филиалының несие офицері болып бастаған.

Кейін «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның Мұғалжар аудандық бөлімшесінде менеджер, Мұғалжар аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы және сектор меңгерушісі, ​ Мұғалжар аудандық статистика басқармасының жетекші маманы, Мұғалжар аудандық экономика және бюджетті жоспарлау, кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болды.

Сонымен қатар Ақтөбе облысы әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Жаңа қызметке тағайындалға дейін Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары болды.

Айта кетейік, бұған дейін Мәртөк ауданының әкімі болған Ермек Кенжаханұлы бүгін облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.


Соңғы жаңалықтар