Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 3 тәжікстандық қаза тапты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Самара – Шымкент тасжолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, Тәжікстан азаматтары көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 қаңтар күні сағат 13:20-да Самара – Шымкент тасжолының 1139 шақырымында жол апаты тіркелді. «Toyota Camry 40» маркалы көлігінде төрт жолаушы болған. Рульде отырған Тәжікстан азаматы Қарабұтақ ауылынан Қызылорданың Арал қаласына бағыт алып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Көктайғақ кезінде қарсы бағытта келе жатқан «MAN» маркалы өзбекстандық жүк көлігіне соқтығысады.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде 2 адам сол жерде мерт болды. Үшеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ауруханада тағы бір тәжікстандық көз жұмды. Ақтөбе облыстық департаменті жол ережесін сақтап, қыста жылдамдық сақтауды, ауа райына байланысты жолдың қарсы бетіне шықпауды ескертеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.



Соңғы жаңалықтар