+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбе облысында үш күнде 4 адам суға кетті

2020 жылғы 13 шілде 23:26
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысында үш күнде 4 адам суға кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында демалыс күндері 4 адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да бала-шағасымен көл басына демалуға барған екі ер адам суға кетті Қызылордада 25 жастағы жігіт Сырдарияға батып кетті Жамбыл облысында жыл басынан бері 10 адам суға кеткен

Ақтөбе су қоймасына 24 жастағы ер адам батып кетті. Құтқарушылар оны үш сағаттан астам уақыт іздеп, 8 метр тереңдіктен алып шықты.

Ал Әйтеке би ауданының Қарабұрақ ауылындағы Ырғыз өзенінде 37 жастағы ауыл тұрғыны мерт болды.

12 шілде күні Темір ауданы, Саркөл ауылындағы Темір өзенінен 32 жастағы ер адамның денесін полиция қызметкерлері алып шықты.

Сол күні Ақтөбе теңізінде мас күйінде суға түскен қыздың судан қайта шықпай қалғаны хабарланды. Құтқарушылар 22 жастағы бойжеткенді аман алып қалды.

Ал Бүгін Қобда ауданында 49 жастағы ер адам суға батып кетті.

«Жаздың аптап ыстығында адамдар өзен жағасын паналайды. Бірақ карантин кезінде жағажайлар жұмысына тыйым салынған. Адамдар қауіпті, рұқсат етілмеген аймақта шомылуды әдетке айналдырды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 15 адам суға батып, мерт болды. Оның үшеуі - бала.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT